Салыстырмалы диагностикасы

Диагностикасы

Эпидемиологиясы

АИТ таралуы жиілігін бағалау қиын болып табылады, себебі эутиреоидты кезеңде тәжірибе жүзінде оның нақты диагностикалық критерийлері болмайды. Жалпы популяцияда тиреоидты пероксидазаға қарсы антидене тасымалдаушыларының жиілігі 10% және этникалық құрамына қарай ауытқиды. Тиреоидты пероксидазаға қарсы антидене тасымалдаушылығы мен АИТ нәтижесінде дамыған гипотиреоз ер адамдармен салыстырғанда әйелдерде 10 есе жоғары таралған. АИТ 70–80 % жағдайда біріншілік гипотиреоздың дамуына әкеледі, жалпы популяцияда таралымы 2 % және егде жастағы әйелдер арасында таралу жиілігі 10–12%.

 

Клиникалық көрінісі

Эутиреоидты кезең және субклиникалық гипотиреоз кезеңінде анықталмайды. Жеке, салыстырмалы сирек жағдайда, эутиреоидты кезеңде ҚБ түрлі дәрежеде көлемі үлкейеді (жемсау). Науқаста гипотиреоздың дамуына байланысты сәйкес симптомдар өршиді (3.6.1 бөлімді қараңыз).

 

АИТ диагнозын қою критерийлері:

• қан айналымда ҚБ-ге қарсы денелер деңгейінің жоғарылауы (ТПО-ҚД анықтау ақпаратты);

• АИТ тән ультрадыбысты зерттеу белгілерін анықтау (ҚБ гипоэхогенділігі); (3.23 сурет)

• біріншілік гипотиреоз (субклиникалық немесе манифесті).

Жоғарыда көрсетілген критерийлердің біреуі болмаса АИТ дигнозы растамалмайды, себебі тиреоидты пероксидазаға қарсыдене деңгейінің жоғары болуы және УДЗ мәліметтері бойынша ҚБ гипоэхогенділігі АИТ диагнозын дәлелдемейді. Сондықтан, эутиреоидты кезеңде АИТ диагностикалау (гипотиреоз манифестациясына дейін) күрделі. Эутиреоз кезеңінде АИТ диагнозын қою тәжірибе жүзінде қажеттілікті тудырмайды, себебі емдеу шаралары (L-T4 орынбасушы терапия) науқасқа тек гипотиреоидты кезеңде ғана көрсетілген.

 

Йод тапшылығы аймағында қарапайым эндемиялық жемсау мен эутиреоз кезеңіндегі АИТ-тің гипертрофиялық түрін салыстырмалы диагностикалау қажет. Тиреоидты пероксидазаға қарсыдене деңгейі аздап эндемиялық жемсауда да жоғарылайды, сонымен қатар АИТ жемсау (струмит) басталған кейін де дамуы мүмкін. Гипотиреоидты кезеңде созылмалы АИТ салдарынан кейін дамыған қайтымсыз гипотиреоз бен АИТ-нің деструктивті түрлерінің (босанудан кейінгі, ауырсынусыз және цитокин-индуцирлеген тиреоидит) қандайда бір кезеңіндегі транзиторлы гипотиреоз арасында салыстырмалы диагностика жүргізіледі. Гипотиреоздың тұрақты сипаты жөнінде қорытындыны уақытша орынбасушы терапияны тоқтатқан соң бір жылдан кейін науқаста ТТГ деңгейінің жоғарылауы мен Т4 деңгейінің төмендеуі нәтижесінде жасауға болады.

 

Емі

Арнайы емі ойластырылмаған. Қазіргі таңда АИТ-тың өршіп, гипотиреозға әкелуін тоқтататын, ҚБ-де дамитын аутоиммунды үрдіске әсерлі және қауіпсіз әсер ететін әдіс жоқ. Гипотиреоз дамығанда левотироксинмен орынбасушы терапия тағайындалады (3.6.1 бөлімді қараңыз).