Лимфангоиттер

Этиологиясы және патогенезі.Лимфангоит немесе лимфангит - лимфа тамырларының қабынуы. Лимфангоит микрофлораның және олардың токсиндерінің лимфа жолдарына өтуінен пайда болады. Ол периодонтта, периостта жақ сүйектерінің қабыну процесстері кезінде дамиды. Лимфа тамырларына ісік клеткаларының ыдырау өнімдері және де бөгде заттардың енуінен де лимфангоит дамуы мүмкін.

Клиникалық көрінісі. Лимфангоиттар жедел және созылмалы болып бөлінеді. Жедел қабыну процесі беткей немесе терең орналасқан лимфа тамырлар торларында дамиды.

Созылмалы лимфангоиттар жедел қабыну процесінің созылмалыға өтуінен дамиды, ол организмнің қорғағыштық қасиетінің төмендеуінен немесе антибиотиктерді дұрыс қабылдамау әсерінен дамуы мүмкін.

Жедел лимфангоит қамтылған тамырлар топографиясына сәйкес торлы (ретикулярлы) және тармақты (турункулярлы) болып бөлінеді.

Ретикулярлы немесе торлы лимфангоитжара, шиқан, көршиқан айналасындағы беткей орналасқан лимфа тамыр торларының қабынуымен ерекшеленеді. Нәтижесінде тілмелік қабынуға ұқсас клиникалық көрініс береді. Қызару және ауру сезімі байқалады, кейіннен

инфекциялық ошақтан лимфа түйіндеріне бағытталған жіңішке қызыл жолақтар пайда болады. Дене қызуы 38-39°С дейін көтеріліп, қалтырау және уланудың басқа да көріністері байқалады (құрғак, тіл, бас ауруы, тәбеттің болмауы).

Турункулярлы немесе тармақтың лимфангоитірі лимфа тамырларын қамтиды, тері бетінде біріншілік инфекциялық ошақтан аймақтық лимфа түйіндеріне бағытталған 1-2 ашық-қызыл жолақ байқалады. Бұл жолақтар лимфа тамырлары қабырғаларының қабыну әсерінен қызаруынан пайда болады. Алғашқыда жолақ бойымен сыздаған ауыру сезімі анықталады. Кейіннен тығыз, басып тексергенде ауыру сезімі бар жолақтар, ал олардың айналасындағы тіндерді ісіну және кернеу пайда болады. Лимфа тамырларынан қабыну процестерінің оны қоршаған тіндерге өтуі (перилимфангоит) терідегі қызару көлемінің ұлғаюы, бет және мойын жұмсақ тіндерінің ісінуімен суреттеледі және төменгі жақасты немесе мойын аймақтарының лимфадениттеріне ауысады.

Терең орналасқан лимфа тамырларының қабынуы негізінен, беткей лимфа тамырларының қабынулары әсерінен дамиды.

Нақтамасы-диагнозы.Торлы лимфангоиттардың нақтамасы-диагнос-тикасы көп қиындық тудырмайды, тек түгел бет терісінің қызаруы кезінде тілме қабынуы көрінісіне ұқсайды. Тармақты лимфангоит кезінде көлемді ісінудің дамуы- флебит, флегмона сияқты қате нақтама-диагноз қоюға себеп болуы мүмкін.

Емдеу шаралары негізінен біріншілік инфекциялық ошақты жоюға бағытталуы керек. Жергілікті хирургиялық емдеумен қатар, антибиотиктер, сульфаниламидтер және т.б. тағайындалуы тиіс.

Алдын алу.Біріншілік инфекциялық ошақтарды дер кезінде тоқтату (периодонтиттер, периоститтер, остеомиелиттер, гаймориттер т.б.).

Тұжырым:Бет-жақ аймағындағы қабыну аурулары өзінің келіп шығуы және өту кезеңдерінің әртүрлілігіменерекше орын алады.Сол себептен науқасты медициналық және зертханалық тексеру кезінде өте жауапты түрде жандасу керек. Бұл науқастар көпшілік жағдайда жедел жәрдем көмегімен өте ауыр халде ауруханаға жеткізіледі-түседі, сондықтан аурудың тарихын зерттеу мен зертханалық шараларды жедел өткізуге тура келеді. Міне осындай кезде қателіктерге жол бермеу керек. Науқасқа дер кезінде сапалы да білікті арнайы медициналық көмек көрсету үшін дәрігер әрқашан дайын болуы керек. Дәрігер күнделікті өмірде өз-өзімен көп жұмыс жүргізуі шарт: медицинаның соңғы жаңалықтарын, енгізіліп жатқан тиімді әдістерді, жаңадан енгізілген дәрі-дәрмектердің аңдатпаларын оқып біліп және өз өмірінде жинаған бай тәжірибесін науқасты емдеуде қолдана білгені жөн.

Тапсырманы қайталауға арналған естемелік жаттығу сұрақтары:

1.Остеомиелитдегеніміз .........

А) жақ сүйегінің инфекциялы-аллергиялық іріңдеп өлеттеніп

қабынуы.

Б) инфекциялы, медикаментозды

В) аллергиялық, оқты

Г) инфекциялы, оқсыз

Д) іріңдеп өлеттеніп, улану

2. Инфекция көзі мен таралу жолына қарай ........ деп бөлінеді.

А) одонтогенді, одонтогенді емес

Б) одонтогенді емес, арнайы

В) одонтогенді, арнайы,

Г) одонтогенді емес, арнайы емес

Д) одонтогенді, арнайы емес

3. Қоздырғыштар түріне қарай ........ болып бөлінеді.

А) арнайы, арнайы емес

Б) арнайы емес, одонтогенді

В) арнайы, одонтогенді

Г) арнайы емес, одонтогенді емес

Д) арнайы, одонтогенді емес

4.Периодонтит дегеніміз ...... жүретін қабыну ауруы.

А) тіс ұяшығы, тіс түбірі арасындағы жұмсақ тіндерде

Б) тіс түбірі арасындағы жұмсақ тіндерде, сүйек тінінде

В) тіс ұяшығы, буын өсіндісінде

Г) тіс түбірі арасындағы жұмсақ тіндерде, маңдай өсіндісінде

Д) тіс ұяшығы, құлақ маңы аймағында

5.И. Г. Лукомский (1958) периодонтиттің клиникалық көрінісі,

таралу дәрежесі, патологиялық сипатына қарай ...... түрін

ажыратады.

А) Жедел (эксудативті), созылмалы (пролиферативті), созылмалы

периодонтиттің өршуі.

Б) Жедел (эксудативті), аралық, жеке-дара

В) созылмалы (пролиферативті), біріккен, аралық,

Г) созылмалы периодонтиттің өршуі, қосалқы, біріккен

Д) Жедел (эксудативті),жанама, жеке-дара

6.Созылмалы гранулематозды периодонтиттің рентген суретінде

......дейін ыдыраған жерін көруге болады.

А) сүйек тіні дөңгелек, жиегі тегіс, көлемі дәннен ас бұршағына

Б) жиегі тегіс, жұмыртқа, сүйек тіні бөлінген

В) көлемі дәннен ас бұршағына, төртбұрышты, сопақша

Г) сүйек тіні дөңгелек, төртбұрышты, сопақша

Д) жұмыртқа, сүйек тіні бөлінген, төртбұрышты, сопақша

7. Созылмалы гранулденген периодонтиттің рентген суретінде ......

ошағын көруге болады.

А) тіс түбірі ұшының сүйек тінінде шекарасы анық емес,

шеттері тегіс

емес, бүлінуі-деструкция

Б) бүлінуі-деструкция, сорылу, қайта біту

В) шеттері тегіс емес, дөңгелек анық, төртбұрышты

Г) шекарасы анық емес, сопақша, иірілген

Д) шеттері тегіс емес, түзу, ойық-ойық

8. Клиникалық көрініске ие болған теріасты одонтогенді гранулемасы

........ белгі-симптоммен сипатталады:

А) бұзылған тіс, ұйыспаға-инфильтратқа созылған таспа (тяж),

гранулема.

Б) бұзылған тіс, бүлінуі-деструкция, жиегі тегіс

В) ұйыспа, жиегі тегіс, сүйек тіні дөңгелек

Г) созылған таспа, бүлінуі-деструкция, сүйек тіні дөңгелек

Д) гранулема, жиегі тегіс, сүйек тіні дөңгелек

9. Теріасты гранулемасына тән ........... белгі-симптом болады.

А) ауру тіс, таспа, гранулема

Б) таспа, дәнекер тін, гранулема

В) гранулема, дәнекер тін, ауру тіс

Г) фиброзды тін, дәнекер тін, гранулема

Д) дәнекер тін, ауру тіс, фиброзды тін

10. Беттің одонтогенді теріасты гранулемасының даму кезеңдерінің

....... клиникалық түрі бар

А) біріншілік, стационарлық, жылжымалы, іріңдеуіш

Б) стационарлық, іріңдеуіш, қозғалмалы, түрін өзгертетін

В) жылжымалы, емханалық, қозғалмалы, екіншілік

Г) іріңдеуіш, қозғалмалы, түрін өзгертетін, екіншілік,

Д) екіншілік, емханалық, қозғалмалы, түрін өзгертетін

11. Одонтогенді жақ сүйек периоститі дегеніміз......... жедел ағымды

іріңдеп қабынуын айтады.

А) ұяшықты-альвеольды өсіндінің, жақ сүйегі сыртқы қабығының

Б) жақ сүйегі сыртқы қабығының, біріншілік

В) ұяшықты-альвеольды өсіндінің, жылжымалы

Г) жақ сүйегі сыртқы қабығының, түрін өзгертетін

Д) ұяшықты-альвеольды өсіндінің, қозғалмалы

12.Актиномикоздың қоздырғышын ............. атаңыз

А) сәулелі саңырауқұлақ.

Б) Кохтың микобактериясы

В) Трелл дәнешігі

Г) Пирогов үшбұрышы

Д)Жонеско қабаты

13.Шиқан (фурункул) деп ............. атаймыз

А) Түкқапшықтары, май бездерінің қабынуы.

Б) Түкқапшықтары, дәнекер тіндер

В) май бездерінің қабынуы, сүйек тінінің

Г) Түкқапшықтары, сүйек тінінің

Д) май бездерінің қабынуы, дәнекер тіндер

14. Төменгі жақ сүйегінде периоститтің пайда болуына

cебепкер.....тіс

А) бірінші үлкен азу тіс

Б) бірінші кіші азу тіс

В) екінші үлкен азу тіс

Г) екінші кіші азу тіс

Д) үшінші үлкен азу тіс

15. Жақ бұлшықеттерінің қарысуы .....түрлерін атаңыз

А) 3 түрі

Б) 2 түрі

В) 4 түрі

Г) 7 түрі

Д) 1 түрі

16.Реплантация дегеніміз ................

А) тісті жұлып өңдегеннен кейін ұясына қайта отырғызу.

Б) тісті кесіп тастау

В) тісті қайта өңдеу

Г) тісті жұлып алу

Д) тісті дәрі-дәрмекпен емдеу

17.Реплантацияәдісін бірінші рет ұсынған ғалым және жылы

А) Амбруаз Паре, 1794 жылы

Б) Эйнгорн, 1885 жылы

В) Эскулап, 1788 жылы

Г) Гиппократ, 1537 жылы

Д) Пирогов, 1893 жылы

18. В. А. Козловтың (1962) пікірінше өз ұясына отырғызылған тіс пен

сүйектің өзара байланысы ................... түрде болады

А) периодонтты, остеоидты, аралас немесе фиброзды

Б) остеоидты, дәнекер тінді, бұлшықетті

В) аралас немесе фиброзды, дәнекер тінді, бұлшықетті

Г) периодонтты, дәнекер тінді, бұлшықетті

Д) остеоидты, периодонтты, дәнекер тінді

19. Гематогенді остеомиелиттің инфекциялы-эмболиялық теориясын

ұсынған ғалымдардың аты және жылы .

А) Э. Лексер (1884), А.А.Бобров (1889)

Б) Дерижанов (1905)

В) Снежко (1953)

Г) Бойко (1958)

Д) Смирнов (1983)

20. Остеомиелиттің келіп шығуында нейротрофикалық бұзылыстар

теориясын ұсынған ғалымның аты және жылы .

А) Г.И.Семенченко (1956)

Б) В.К.Поленичкин (1987)

В) С.В.Черненко (1977)

Г) В.П.Карманов (1985)

Д) А.В.Федоров (1988)

21. М М. Соловьев (1969), Т. К. Супиев (1983)

мәліметтері бойынша .......... бүйрекүсті безі қыртысының гармондары

әсерінен жүретінін және остеомиелиттің келіп шығуында аса

маңызды рөл ойнайтынын дәлелдеген..

А) жергілікті иммунитеттің төмендеуі, созылмалы одонтогенді

инфекция ошағының көшуі

Б) созылмалы одонтогенді инфекция ошағының көшуі, қан кету

В) жергілікті иммунитеттің төмендеуі, естен тану

Г) созылмалы одонтогенді инфекция ошағының көшуі, біріншілік

Д) жергілікті иммунитеттің төмендеуі, екіншілік

22. Жақ сүйектерінің остеомиелиті .......... болып бөлінеді.

А) одонтогенді, жарақат-травмалық, гематогенді, арнайы

Б) әлсіздік, одонтогенді, жарақат-травмалық,

В) жарақат-травмалық, гематогенді, қан кету

Г) қан кету,одонтогенді, жарақат-травмалық,

Д) жарақат-травмалық, гематогенді, естен тану

23. Жақ сүйектерінің остеомиелиті ......... фазада өтеді:

А) жедел ағымды, жеделдеу, созылмалы.

Б) жеделдеу, созылмалы, қарқынды, әлсіз

В) созылмалы, жедел ағымды,баяу, қан кету

Г) созылмалы, жедел ағымды, қарқынды, әлсіз

Д) жеделдеу, созылмалы, баяу, қан кету

24. Созылмалы остеомиелит жақ сүйектерінің жарақаттану

тереңдігі мен таралуына байланысты .......... топтарға бөлінеді:

А)Созылмалы шектелген, жайылмалы остеомиелит.

Б) жайылмалы, қарқынды, әлсіз

В) шектелген,сопақ, бүйір тармақтар

Г) жайылмалы, сопақ, бүйір тармақтар

Д) шектелген, қарқынды, әлсіз

25. Төменгі жақтағы созылмалы остеомиелит кезіндегі продуктивті

өзгерістің күштілігі рентгенограммада ..... қайта құрылуымен

сипатталады.

А) сүйектің эндостальды және периостальды

Б) периостальды, дәнекер тін

В) сүйектің эндостальды, бұлшық еттік

Г) периостальды, төртбұрышты

Д) сүйектің эндостальды, үшбұрышты

26.Абсцесс бұл ....... іріңдіқабынуы.

А) тері, теріасты май қабатының шектелген

Б) теріасты,бұлшықеттер, жайылмалы

В) теріасты май қабатының, фасциялар арасындағы клетчаткалардың

Г) фасциялар арасындағы клетчаткалардың жайылмалы

Д) фасциялар арасындағы клетчаткалардың шектелген

27. Флегмона бұл ....... іріңдеп қабынуы.

А) теріасты,бұлшықеттер, фасциялар арасындағы клетчаткалардың

(шелдің) жайылмалы

Б) тері, теріасты май қабатының шектелген

В) теріасты,бұлшықеттер, шектелген

Г) фасциялар арасындағы клетчаткалардың шектелген

Д) теріасты май қабатының, шектелген

28. Бет және мойын аймақтарының абсцесстері мен флегмоналарын

қоздыратын микробтарға ......... микробтар жатады.

А) стрептококктар, стафилококктар, диплококктар, пневмококктар,

ішек таяқшасы микробы, анаэробты

Б) стрептококктар, стафилококктар, Кохтың микобактериясы

В) Кохтың микобактериясы, диплококктар, пневмококктар

Г) ішек таяқшасы микробы, сәулелі саңырауқұлақ

Д) анаэробты, Кохтың микобактериясы сәулелі саңырауқұлақ,

29.Аденофлегмона бұл ....... пайда болады.

А) лимфа түйіндері іріңдегенде, қоршаған жұмсақ тіндерге жарып

шыққанда

Б) қоршаған жұмсақ тіндерге жарып шыққанда, сәулелі

саңырауқұлақ

В) лимфа түйіндері іріңдегенде, Кохтың микобактериясы,

Г) қоршаған жұмсақ тіндерге жарып шыққанда, стрептококктар,

Д) лимфа түйіндері іріңдегенде, сәулелі саңырауқұлақ

30.Самай аймағында ......... қабатты клетчаткалы кеңістіктер бар:

А) теріасты шелі, самай бұлшықеті, апоневроздың арасында, самай

бұлшықетінің астында (самай сүйегі бетінде), ең тереңі.

Б) апоневроздың арасында, стрептококктар, стафилококктар,

В) теріасты шелі, Кохтың микобактериясы

Г) самай бұлшықеті, диплококктар, пневмококктар

Д) самай бұлшықетінің астында, ең тереңі, сәулелі саңырауқұлақ

 
ІХ ТАРАУ

ТІС ЖАРЫП ШЫҒУ КЕЗЕҢДЕРІНІҢ АУРУЛАРЫ

Тістің жаруы әдеттегі физиологиялық кезеңдерге-процесстерге жатады. Олар белгілі уақытында, адамға білінбей, ешқандай ауыру сезімінсіз шығады. Бірақ кейбір тістер нақтылы шығатын уақытынан кешігіп шыққанда оның маңайындағы тіндер қабынады. Тістің кедергімен кеш жаруы өз алдына мынадай топқа бөлінеді.

1. Дистопия— дұрыс қалыптасқан тістің тіс қатарынан-шет шығуы. Кейде ұртқа қарай не тілге қарай жантая шығады. Кейбір тістер мұрынның ішіне немесе Гаймор қуысына немесе көзге қарай шығуы мүмкін. Бұндай жағдайда тістің жаруы кешігіп, сол маңай тіндері зақымданып, қабынуы мүмкін. Онда тісті суырып алып тастау керек.

2. Ретенция—дұрыс қалыптасқан тістің шығуы әртүрлі кедергімен баяулап ұсталып қалуы. Егер тіс жартылай шықса, онда шала ретенция, ал тіс мүлде шыға алмай қалса, онда толық ретенция деп аталады.

Кейде көп уақыттан кейін адамның бар тістері түсіп, алмалы-салмалы тіс протезін пайдаланған кезінде ғана бұрын уақытында шықпай қалған тістің жарғанын байқауға болады. Тұрақты тістердің ұрықтану кезеңінің бұзылғанынан олар мүлде жарып шықпаса, онда толық адентиядеп атайды.

Дистопия мен ретенцияға сүт тістер де, тұрақты тістер де ұшырайды. Тұрақты тістердің ішінде ретенцияға жиі ұшырайтын ақыл тістер, әсіресе төменгі сегізінші тістер. Ал сирек ұсталып шыға алмай қалған жағдайға сойдақ тістер (ұры тіс) мен жоғарғы не астыңғы кіші азулар тап болады. Ретенция мен дистопия ауруының себебі толық анықталмаған. Әртүрлі ғалымдардың пікірі бойынша оның мынандай себептері болуы мүмкін:

а) Зат алмасу кезеңінің бұзылуы-ішкі секреция бездерінің, гормондардың реттеу жұмысының нашарлағаны не витаминдердің жеткіліксіздігі, инфекциялық аурудың әсері т.б. жағдайлар.

б) Зат алмасудың реттелуіне қатынасатын ішкі бездер қызметінің өзгерістері (гормондар қызметі бәсеңдесе не инфекциялық) себебінен тіс дұрыс ұрықтанбай қалады не жақ сүйектердің кейбір бөліктері ерекше дамып, тістің жарып шығуын тежейді және қанмен жабдықталуын да өзгертеді.

Филогенез — даму кезеңінде адам тісінің саны мен мөлшері біркелкі қалпында қалса, жақ сүйектердің көлемі кішірейеді. Сондықтан кейбір тістерге шығатын орын болмай, ол не ұяшық өсіндінің ішінде немесе сүйектің денесінде шыға алмай қалады.

3. Тістердің уақтылы жарып шығуын тежейтін жергілікті себептер көп: сүт тістер түбірінің кеш сорылуы немесе сүт тістерді ерте суырып тастаса қатардағы тістер бос орынға қарай жылжығандықтан кейін шыққан тұрақты тіске орын болмай қалады. Кейде сүт тіс маңындағы шырышты қабықта зақымданып, қабынуы немесе тіс ұрығының жақ сүйекте өте терең жатуы тістің кедергімен кеш жарып шығуының бір себебі болады. Жақ сүйектерінің дамып өсу кезеңдері бұзылса немесе сүйекте ісік болса, тістің эмбриональдық дамуы бұзылып, тіс кеш шығуы немесе шетке қарай жаруы мүмкін.

Клиникалық көрінісі.Қатардан тыс жарып шыққан (дистопиялы) немесе шыға алмай ұсталып қалған тістер ешқаңдай зиян келтірмесе, кездейсоқ рентгенге түскенде ғана табылады. Кейде науқастар жақ сүйектің әлсін-әлсін сыздап ауырғанына көңіл бөледі немесе төменгі жақтың тістері сыздап ауыратын болады, ернінің ұюы байқалады.

Сырт көзбен қарағанда тістің кедергімен қиналып жарып келе жатқан белгілері мынадай болады: қатарда бір тістің жоқ болғаны анықталады, бұрын жұлынса бос орын болу керек немесе уақытында түспей қалған сүт тісі турады не ол тіс қатардан тыс жарып келе жатқаны көрінеді. Кейде ұяшық өсіндінің шырышты қабығының астынан шығып тұрған төмпешік байқалады. Рентген суретінде ұсталып шықпай қалған тістің бейнесі көрінеді.

 

 

Сурет-63.Төменгі жақ бұтағының артқы- Сурет-64.Төменгі жақ бұтағының алдыңғы-

жоғарғы бөлігінде орналасқан ақыл тістің төменгі бөлігінде орналасқан ақыл тістің