Ателерді идентификациялау.

ODBC технологиясы (Open Database Connectivity).

ODBC - SQL деректер қорына немесе (Excel) текстік деректеріне, ISAM деректер қорына қатынау орындалатын деректер типіне тәуелді емес деректер қорын өңдеуде функционалдық мүмкіншіліктерді қолданбалы өңдеушілерге ұсынуға арналған. Бұл мақсат ODBC әрбір драйверін орнату жолымен іске асырылады. Драйвер ODBC спецификацияларына сәйкес келуі керек. Бұл талаптар қосымшаны өңдеушіге барлық уақытта функционалдық мүмкіншіліктеріне кепілдік береді. Егер қолданылатын деректер форматы негізгі функционалдық мүмкіншіліктерді ұстамайтын болса, онда ODBC драйвері бұл функцияларды эмулирлеуі керек. ODBC көмегімен кез-келген ДҚБЖ манипулирлеуге болады (тіптен деректер қорына тікелей қатысы жоқ мәліметтерді де, мысалы электрондық кесте немесе текстік файлдардағы мәліметтерді), егерде оларға ODBC-драйвері бар болатын болса.

ODBC архитектурасы негізгі төрт компонеттен тұрады:

- қолданбалы программа;

- драйверлер диспетчері;

- драйвер;

- деректер көзі.

ODBC интерфейсін қолданушы қосымшалар келесі есептерді орындайды:

ODBC интерфейсі функциялары жеті топқа бөлінеді:

1. Белгілеу және белгілеуді қайтару: айналу идентификаторы, байланысу идентификаторы, оператор идентификаторы.

2. Байланысу;

3. SQL-операторларының орындалуы;

4. Нәтижені алу;

5. Транзакциямен басқару;

6. Қателерді идентификациялау;

7. Араласқан функциялар.

SQL операторларының орындалуы.

SQL-операторларының орындалуы және анықталуында екі тәсіл бар: алдын-ала дайындалған және уақытылы дайындалған.

Нәтижені алу.

Бұл функциялар жиыны SQL-операторларының нәтижелі көпшесінде деректерді қайта орнына келтіруді басқарады және нәтижелі көпшеде мұндай ақпаратты қайта орнына келтіру: бағанды жазу және оның атрибуттарын, келесі қатарды алу, SQL-операторлары әсер ететін қатарлар санын санау, және т.б.

Транзакциямен басқару.

Бұл функция транзакцияны аяқтауға мүмкіншілік беред немесе транзакцияның басына келуді іске асырады.

Қателерді идентификациялау функциялары көрсетілген идентификатормен байланысты қате туралы ақпаратты қайтарады

Араласқан функциялар.

Араласқан функциялар бұл топта SQL-оператордың орындалуын аяқтауға мүмкіншілік береді. CORBA – қосымшасы моделі дәстүрлі программалар моделінен ерекшеленеді. Мұндай жүйелер өрмекшінің торына ұқсас болып келеді: клиент кез-келген минутта сервер бола алады, қолданушы сол уақытта қандай сервермен жұмыс жасап отырғаның білмей де қалуы мүмкін, ал егер жоба өте жақсы орындалған болса, онда қателерді байқау түк те білінбейді. CORBA технологиясын қолданып программаны іске асыруда қоладынылатын тактика: керек объектімен байланысу, оның функцияларын пайдалану және онымен байланыстан шығу. Осындай циклдар жүздеген болуы мүмкін. Программаларды құруда CORBA негізінде жақсы нәтижелерге қол жеткізу үшін: объектілі-бағытталған талдау және модельдеу, объектілерді трансляциялау және жазу, серверді құру, клиентті құру және т.б. болып табылады.

Негізгі әдебиет [2], бет 640-659

Қосымша әдебиет [2], бет 229-241

Бақылау сұрақтары

1. Деректер қорының қандай технологияларын білесіз, атап көрсетіңіз?

2. ODBC - Open Database Connectivity технологиясын жазыңыз?

3. OLE DB - Object Linking and Embedding Database технологиясын жазыңыз?

4. ODBC технологиясының артықшылықтарын атап көрсетіңіз?

5. ODBC және OLE DB технологияларын салыстырыңыз, және талдау жасаңыз?

Дәріс 17. OLE DB - Object Linking and Embedding Database технологиясы.